Алматыда енді автобустар көшедегі жағдайды видеоға түсіріп алатын болады

today.kz
Бірінші кезеңде камера 30-дан 50-ге дейін автобустарды түсіріп алмақ.

Алматы автобустарына көшедегі жағдайды түсіріп алу үшін видеокамералар орнатылады. Бұл туралы брифингте қалалық ішкі істер департаментінің өкілі айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Бірінші кезеңде камера 30-дан 50-ге дейін автобустарды түсіріп алмақ.

Алматы ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Жандос Мұртәлиевтің сөзінше, бастапқы кезең 2018 жылдың соңына дейін жүзеге асады.

"Әзірге маршруттардың нақты нөмірлері анықталған жоқ, болашақта белгіленген жолмен жүретін автобус бағыттары назарға алынбақ. Олар басқа жүргізушілердің заң бұзушылықтарын түсіріп алып қана қоймай, автобустарды да түсіреді", – дейді Мұртәлиев.

Айта кетейік, Алматыда такси жүргізушілері мен басқа да транспорт жүргізушілеріне түнде қоғамдық көлік жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды