Қытайда профессор әйелі мен қызын доппен өлтірді

sputniknews.kz
Кейін профессор Кхо Ким Сунның студентімен әйелінің көзіне шөп салып жүргені белгілі болды.

Гонконгта әйелі мен қызын өлтірген профессор сот алдында жауап берді. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Прокурордың нұсқасы бойынша, Кхо Ким Сун (Khaw Kim-sun) Анестезиология және интенсивті терапия депараментінде жұмыс істеген. 2015 жылдың мамыр айында ол әйелінің көлігіне улы газдың иісі шығып тұрған йогаға арналған доп салып жібереді. Салдарынан 47 жастағы әйел мен сол көлікке отырған 16 жастағы жасөспірім қыз қайтыс болады. Оларды жүгіруге шыққан жергілікті тұрғын көріп қалады.

Кейін сол уақытта Кхо Ким Сунның студентімен әйелінің көзіне шөп салып жүргені белгілі болды. Сондай-ақ, ол университетте ешқандай практикалық құндылығы жоқ, бірақ улы газды қажетсінетін зерттеу ұйымдастырады. Әлгі көңілдес студенті осы тәжірибе жұмысы барысында көмекші қызметін атқарған.

Кейін профессор университеттен үйге улы газ толтырылған екі доп алып келеді. Оларды зертханадан газдың тазалығын тексеріп көру үшін алып бара жатқанын айтып түсіндірген. Алайда ер адам тергеу барысында оларды үйдегі тышқандарды өлтіру үшін алғанын айтқан.

Профессор өзінің кінәсін мойындамады. Алайда, прокурордың пікірінше, анестезиолог болып жұмыс істеген Кхо Ким Сун бұл газдың адам өмірі үшін аса қауіпті екенін білмеуі мүмкін емес. Ал қызы кездейсоқ құрбан болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты