Айдың күн сәулесі түспейтін терең кратерлерінен мұз қорлары табылды. Болашақта айға қоныстанушылар бұл мұз қорларын пайдалана алады. Айда мұз бар екені "Proceedings of the National Academy of Sciences" (PNAS) журналында жарияланды.
Жердің табиғи серігінде мұздың болуы туралы деректер NASA аэроғарыш агенттігі әзірлеген минералды картер (Moon3) минералогия Mapper (M3) көмегімен жинақталған және "Чандраян-1" Үнді жасанды серігі арқылы анықталған.
Деректерді Браун университеті, Гавайи университеті, Боулдердегі Колорадо университеті, Калифорния университеті, Джон Хопкинс Университеті ғалымдары және Ames Research Center (Nasa) сарапшылары талдады. Айдың күн сәулелерінен қорғалған "мұзды тұзақ" деп аталатын кратерлерінде мұз бар екенін ғарышкерлер бұрын да болжаған. Деректер орбиталық айды зерттейтін ғарыш аппараттарынан алынған еді.
Осы соңғы нәтиже де соны көрсетті. Nasa соңғы дерек бұрынғы болжамның растығын айғақтап отыр дейді.
2008 жылы Айға Үнді ғарыш агенттігінің (ISRO) "Чандраян-1" зымыраны ұшырылды.
Оның негізгі мақсаты Айдың бетінде қатты мұздың бар-жоқтығын анықтау еді. PNAS журналы мақаласында Nasa-да әзірленген M3 зондының құралы Айдың бетінен мұзға тән қасиеттерді анықтай алғаны жазылған.
Зерттеушілер анықталған мұздың көп бөлігі негізінен Айдың оңтүстік полюсіне шоғырланғанын және Солтүстік полюсте бұл қорлар әлдеқайда аз екенін айтады.
Зерттеу кезінде мұздың қанша тереңдікте орналасқаны анықталмады, бірақ көлеңкелі кратерлердегі мұз қоры Айдағы барлық мұз қорының 3,5 пайызын құрайтыны анықталған.
Сарапшылардың пікірінше, болашақта Айға қоныстанушылар бұл мұз қорларын тиімді пайдалану үшін бірнеше зерттеу аппаратын ұшырып, оның қалыңдығы мен көлемін анықтап алу керек.
Айдан мұздың табылуы болашақта Айға қоныстанушылар оны ауыз су көзі ретінде пайдаланады дегенді білдірмейді.
Бұдан айдың болашақ тұрғындары күн жүйесін одан әрі "жаулап алу" үшін қолданылатын отын шығара алады, яғни мұзды ерітіп одан сутегі мен оттегі өндіреді дегенді білдіреді.
Дереккөзі: Massaget.kz