Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

khabar.kz
Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер әсерін тигізеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, екпінді жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды