Астана қаласы әкімдігінің білім беру грантының иегерлері белгілі болды

alau.kz
Комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысын алған, жоғары оқу орындарының өтінімдеріне сай ұсынылған тізімді қарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысы және Астана қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде конкурстық комиссия Астана қаласының жергілікті бюджет қаражатынан жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау үшін үміткерлер тізімін қарады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысын алған, жоғары оқу орындарының өтінімдеріне сай ұсынылған тізімді қарады.

Білім беру гранттары Қағиданың 3-тарауына сай тағайындалды.

Астана қаласы әкімдігі бөлген грант иегерлерінің есімдері осы жерден көре аласыз.

Айта кетейік, әкімдіктің гранты әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға беріледі. Бүгінгі таңда бұл басымдық бес санаттағы үміткерлерге: жетім балалар, балалар үйінің түлектері, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы отбасылардың балаларына қарастырылады.

Бағдарламаға қатысудың негізгі талабы - отбасылық кірістің төмендігі, ақылы негізде білім алудың қаржылық мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек