Астана тұрғыны қомақты ақша тауып алды

sputniknews.kz
Жүргізуші көлігінде бейтаныс жігіт ұмытып қалдырған әмиянды Табылған заттар бюросына алып барды.

Астана қаласының тұрғыны ірі көлемде ақша салынған әмиянды иесіне қайтарып берді деп жазады sputniknews.kz.

Астана қаласы ІІД Табылған заттар бюросына Құрманғалиев хабарласты. Оның айтуынша, түнде көлігіне мінген жігіт құжаттарын, банкомат және дисконт карталарын, ақша салынған әмиянын қалдырып кеткен.

Бейтаныс жігіт ұмытып қалдырған әмиянды жүргізуші Астана қаласы ІІД Табылған заттар бюросына алып барған, сол жерде әмиян иесінің ұялы телефоны анықталды. Табылған заттар бюросының қызметкері жоғалған заттың иесімен байланысқа шықты, деп хабарлады Астана қаласы ІІД.

Әсет Сапаржановқа құжаттары және ақша салынған әмияны қайтарылды. Әсет құжаттарын некесін қиятын күні қайтарып алғанын айтады. Ол адал жүргізушіге, сондай-ақ жедел жұмыс істеген полиция қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды