“ШҚО-да көмір 18 мың теңге” Қыркүйекте қар түссе, ел отынсыз қалуы мүмкін

altaynews.kz
Монополияға қарсы қызметтер қайда қарап отыр?

Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында көмір бағасы 18 мың теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдіктің мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Алтайнюьс.

Өңірдің жылыту маусымына қаншалықты дайын екенін облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев баяндады. Оның айтуынша, Тарбағатай, Бородулиха, Аягөз, Көкпекті аудандарында халықты қажетті көмірмен қамту көрсеткіші 8-17 пайыз аралығында қалып отыр. Облыс әкімі мұндай көрсеткіш Шығыс Қазақстан үшін алаңдарлық жағдай екенін айтып, басқарманың жұмысын сынға алды.

«Қыркүйектің 15-інде қар түсе қалса, елдің бәрі отынсыз қалуы мүмкін. Мен сіздерге мамыр айынан бері елді көмірмен қамтуға тапсырма бергенмін. Үш ай бойы арқаны кеңге салып жүрдіңіздер. Ертең аяқ астынан Аяз ата келіп, елді шулатса, қылар қайрандарыңыз жоқ. Барлық әкімдер қыркүйектің ортасына дейін елді 100 пайыз көмірмен қамтитын болсын. Бұл мәселеде ешбір сылтау қабылданбайды. Өйткені, қажетті қаражат бюджетке мамыр айында салынып қойған» – деді Даниал Ахметов.

Ал көмір бағасына қатысты былықты ретке келтіру табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне жүктелді.

«Үржар ауданында көмір бағасы шынымен 18 мың тоннаға жеткен. Монополияға қарсы қызметтер қайда қарап отыр? Көмір тасымалдаумен айналысатын адамдардың жұмысын мемлекеттік кіріс департаменті қолға алсын. Тасымал бағасы көмірдің бағасына әсер етпеуі керек. Осының бәрін мұқият зерттеп, орын алған былықты реттеу бойынша ұсыныс енгізіңіздер» – деді әкім.

Мәжілісте облыстың кейбір аудандарында медициналық нысандардың да қысқа дайындығы мардымсыз екені мәлім болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек