Назарбаев мемлекет басшыларына латын әліпбиі неліктен маңызды екенін айтты

sputniknews.kz
Қазақстан басшысы Қырғызстандағы түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде сөз сөйледі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің латын әліпбиіне көшуіне байланысты түсініктеме берді деп жазады sputniknews.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген әліпбиді қолдану туралы шешім түркі халықтарын жақындастырады деп есептейді. Ол өз пікірін Қырғызстанда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде білдірді, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстан лидері өз сөзінде Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық өзара дамуға қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіздік пен санкциялар саласындағы қауіп-қатерлер түркі әлемін де айналып өткен жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуі тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті