Қазақстанда күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылды

altaynews.kz
Сүтқоректі аңдардың 34 түрі мен құстардың 59 түрін аулауға рұқсат етіледі.

Елімізде қыркүйек айынан бастап күзгі-қысқы аңшылық маусым ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ол аңдардың түріне қарай 2019 жылдың 15 ақпанына дейін созылады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахмет Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеп отыр.

Аң аулаудың объектілеріне 34 сүтқоректілердің және 59 құстардың түрі жатады. Қыркүйектен бастап марал, аю, сібір тау ешкісі, сібір елігін, қабан, шіл, қарабауыр және көшпелі жабайы құстарды (қаз, үйрек) аулауға рұқсат етіледі. Тәулігіне бір аңшыға анаттылардың әр түрінен бес құсқа дейін аулауға болады.

Сондай-ақ, аңшылыққа арнайы жолдама және квота бойынша ғана шығуға рұқсат берілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды