Теңгенің құлдырауы ұшақ билеттерінің бағасына әсерін тигізбейді - Ж.Қасымбек

zakon.kz
Әуе һәм темір жол билеттерінің қымбаттауына негіз жоқ.

Теңгенің құлдырауы ұшақ билеттерінің бағасына еш әсер етпейді. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Оның пікірінше, бағаның шарықтауына әсер ететін факторлар әзерге тұрақты. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сондықтан әуе һәм темір жол билеттерінің қымбаттауына негіз жоқ.

Жеңіс қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: Билет құнына не әсер етеді? Алдымен ол, әрине, авиакеросин және, екіншіден, лизингте ұшақтары болса. Бүгін авиакеросиннің бағасы тұрақты. Егер ол тұрақты болса, билет бағасы да тұрақты болады деген сөз. Былтыр, мысалы, жанармай тапшылығы болған еді, бірақ ол билет құнына әсер еткен жоқ. Оның үстіне біз келер жылы әуе жанармайына деген тапшылықты толық жоямыз деп отырмыз.

Еске салсақ, кеше ғана Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі әуе қызметінің құны былтырмен салыстырғанда 18,5%-ға қымбаттағанын айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы