Қазақстан әлемдегі ең жалқау ел тізіміне кірді

Stan.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды жалқау ел санатына жатқызды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында қазақстандықтардың «аз қимылдайтын адамдар» қатарында екені айтылды, деп жазады Stan.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды жалқау ел санатына жатқызды. Сарапшылардың мәліметінше, қазақстандықтардың физикалық белсенділігі төмен. Себебі халықтың төрттен бір бөлігі спортпен мүлде айналыспайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 168 елге зерттеу жүргізе келе осындай қорытындыға келді. 55 елде халықтың үштен бірі физикалық белсенділік пен спортқа мүлде назар аудармайды.

Қазақстан сол тізімнің ортасында. Біздің ел тұрғындарының кәмілетке толғандары арасында 70%-ы спортпен айналысады. Қалғаны мүлде қызықпайтыны белгілі болды. Олар теледидардан спорттық бағдарламалар көріп, спорттық танымын арттырады.

Ал, көршілес Қырғызстанда көрсеткіш бізден жақсы. Ол елде халықтың тек 14%-ы спортпен айналыспайды. Белоруссияда да сондай. Өзбестан мен Украина, Ресей дәл сондай болмаса да, Қазақстанның көрсеткішіне жақын. Уганда мен Мозамбик ең белсенді ел деп танылды. Ол жақта халықтың 6%-ы ғана салауатты өмір салтын ұстанбайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды