Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түлкібас ауданында М.Жәрімбетов ауылында республикалық «Уақып» қорының төрағасы Қайрат Орынбайұлы мен ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысы, батыр ана және тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы zakon.kz, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков ауыданның 90 жылдығына орай бірқатар киелі жерлер жаңғыртылып, елді – мекендерде ескерткіштер бой көтеріп жатқандығын жеткізді.
«Жыл басынан бері Алғабас, Рысқұл ауылдарында Ұлы отан соғысына аттанған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері, батыр аналардың есімдері жазылған ескерткіштер ашылса, бүгін осы ауылда туған бір топ азаматардың демеушілігімен ескерткіш бой көтеріп отыр. «Өткенді ұлықтау - өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдың 86 ардагер аталарымыз бен 96 батыр ана, 214 тыл еңбеккерлерінің есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған. Көпке үлгі боларлық өнегелі іс келешек жас ұрпаққа тарих деп білемін. Өйткені бүгінгі ескерткіште жазылған асыл азаматтар мен азаматшалардың жанқиярлық ерлігі мен есіл еңбегі жас ұрпақ үшін өнеге», - деді аудан басшысы.
Шара барысында ескерткіште есімдері жазылған боздақтардың рухына құран бағышталды. Іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.