Ер адам балконнан құлап кеткен семіз мысықтың иесін сотқа берді

stan.kz
Өз кезегінде әйел үй жануарына дұрыс қарамағаны үшін, муниципалдық билікке айыппұл төледі.

Италияда ер адам балконнан құлап кеткен семіз мысықтың иесін сотқа берді. Мысық ер адамның басына құлап, мойнына зақым келтірген. Бұл туралы Corriere della sera басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға мемлекеттің солтүстігіндегі Турин қаласында орын алған. 56 жастағы ер адам базарға бара жатқан кезде, салмағы 5,8 келі болатын мысық балконнан басына құлаған. Салдарынан мысық сол жерде өліп қалса, ер адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оның мойны мен омыртқасы зақымданған екен.

Артынша ер адам мысықтың иесін сотқа беріп, оны жануарды жеткілікті түрде бақыламады және денсаулығына абайсызда зиян келтірді деп айыптады.

Өз кезегінде әйел үй жануарына дұрыс қарамағаны үшін, муниципалдық билікке айыппұл төледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме