Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

amazonaws.com
Республиканың солтүстігі, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады. Кей жерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстігі, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Түркістан облысында, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды