Иранда ұлттық аза тұту күні жарияланды

sputniknews.kz
Мемлекетте теракт өткен сенбі күні болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 28 адам қаза тауып, тағы 60 адам зардап шекті.

Иран билігі Ахваз қаласында әскери парад кезінде 28 адамның өмірін қиған терактіден кейін дүйсенбіні ұлттық аза тұту күн деп жариялады деп жазады sputniknews.kz.

"Иран Ислам Республикасының билігі Хузестан ауылынан шыққан ержүрек адамдарға және қаза тапқандардың отбасылары мен жапа шеккендерге көңіл айтып, олардың жерленетін күнін (24 қыркүйек, 2018 жыл, дүйсенбі) ұлттық аза тұту күні деп жариялайды", — делінген мәлімдемеде.

Теракт сенбі күні Иранның Ахваз қаласында 1980-1988 жылдардағы Иран мен Ирак соғысына арналған парад кезінде болды. Шерудің қызған шағында террористер тобы адамдарға оқ жаудырды. Шабуыл үшін жауапкершілікті "Ахваздағы патриоттық араб демократиялық қозғалысы" алды. Соңғы мәліметтер бойынша, теракт кезінде 28 адам қаза тауып, тағы 60 адам зардап шекті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді