Грекияда сұрапыл дауыл төрт кемені суға батырып жіберді

ҚазАқпарат
Апат кезінде кемелерде командалар да, жолаушылар да болмаған.

Бейсенбі күні Грекияда Бофорт шкаласы бойынша 10 балдық күшпен соққан сұрапыл дауылдың салдарынан көтерілген толқын кішігірім 4 кемені суға батырып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грекияның Жағалаудағы күзет мекемесіне сілтеме жасап.

Оның мәліметтеріне сәйкес, Калимнос аралының портында Эгей теңізіне «Пигасос» жүрдек катері, Салоник портында кішігірім «Зои» және «Васо» кемелері, Эвбея аралындағы Эретрия портының батыс айлағында «Мариос» кемесі батып кеткен. Абырой болғанда, апат кезінде кемелерде командалар да, жолаушылар да болмаған.

Грек билігі сәрсенбі күні паромдарға афиналық теңіз айлақтары - Пирея, Рафина және Лаврион порттарынан шығуға тыйым салды. Сондай-ақ, Рио-Антирио, Агия Марина - Неа Стира, Аркица - Эдипсос, Кавала - Принос, Волос - Спорада аралдарының паромдық өткелдері жабылды. Кемелерге бүгін, бейсенбіде де теңізге шығуға тыйым салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады