АҚШ-та бір минут ішінде ұшаққа айналатын көлік сатылымға шығады

Stan.kz
Көлік 400 мильге (640 км) дейін, әрі дегенде сағатына 100 миль жылдамдықпен жүре алады.

АҚШ өнертапқыштары бір минуттың ішінде ұшаққа айналатын автокөлік ойлап шығарды. Бұл тұлпар сағатына 100 миль (160 км) жылдамдықпен ұша алады. FLYING CAR автокөлігі АҚШ-та келесі қазан айынан бастап сатылымға шығады, деп жазады Stan.kz.

Өндіруші Terrafugia компаниясы өкілінің айтуынша, көлік 400 мильге (640 км) дейін, әрі дегенде сағатына 100 миль жылдамдықпен жүре алады.

Мұндай көліктің қанша тұратыны белгісіз. Қытай Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жаңа модель қазан айында сатылымға шығады.

Автокөлік гибридті электр қозғалтқышпен, багаж сақтайтын кең орынмен, соңғы үлгідегі қауіпсіздік белбеулері мен жастықтарымен, орындықтарымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, автокөлікте камера мен жаңа парашют жүйесі орнатылған.

Көліктің салмағы 590 келі болатын жиналмалы қанаты бар. Ол 3048 метр биіктікке дейін көтеріле алады.

Бір қызығы, TF-X көлігі ешқандай да әуежайды қажет етпейді. Ол кез келген жолда, автомагистральда жүре алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты