Елде 5 жарым миллионнан астам адам жұмыс орнын жүйеде көрсетпеген

Сурет: zakon.kz
Үкімет төлем мөлшерін қалалық тұрғындар үшін кемінде 1 айлық есептік көрсеткіш, ал ауылдық жерлерде 0,5 айлық есептік көрсеткішті төлеуді ұсынды.

Елде 5 жарым миллионнан астам адам жұмыс орнын жүйеде көрсетпеген. Ал, 800 мың адам еңбек шартысыз жұмыс істеп жүр. Бұл туралы бүгін халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау заң жобасын талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. Заң жобасына сәйкес, азаматтар ерікті түрде ай сайын бірыңғай жиынтық төлем жасайтын болады. Бірақ вице-министрдің айтуынша, ол заңмен міндеттелмейді. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Светлана Жақыпова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары: Айыппұл салынбайды. Дербес ретінде өздері төлемдерді жасап отырады. Мүмкіндігі шектелсе, асыраушысынан айырылса, жүктілі болса, бала туып, баланы бір жасқа дейін бақса, жаңағы әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді ала алады.

Үкімет төлем мөлшерін қалалық тұрғындар үшін кемінде 1 айлық есептік көрсеткіш, ал ауылдық жерлерде 0,5 айлық есептік көрсеткішті төлеуді ұсынды. Келер жылдан бастап ол 2 525 теңгені құрайтын болады. Түскен қаражат 4 бағытқа жұмсалады. Ол: жеке табыс салығы, зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру төлемдері ретінде аударылады. Заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады