Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға рұқсат берілетін болды

altaynews.kz
Алайда рұқсаттың өзіндік шарттары болмақ.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон ұстауға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Алайда рұқсаттың өзіндік шарттары болмақ.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің смартфон ұстау құқығы үкіметтің қаулысымен бекітіліп қойған екен. Қазір смартфонның бірқатар функцияларын жұмыс уақытында шектеудің нұсқалары тестіленуде.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік органдардың ғимараттарында смарфтон, планшет, смарт-сағаттарды пайдалануға тыйым салынған болатын. Мұндай орындарда қоңырау шалу, қабылдау және хабарлама жазу секілді мүмкіндіктерді ғана қамтитын ұялы телефондар қолданылатын.

Енді алдағы уақытта жұмыс орнына смарфтон әкелген қызметкер алдын ала арнайы үялы қосымшаны орнатуға тиіс. Ол қосымша орнатылмаса, смартфонды алып кіруге болмайды. Аталмыш ұялы қосымша смартфонның фото және видеоға түсіру функцияларын уақытша бұғаттайды екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты