Нұрсұлтан Назарбаев монополияға қарсы ведомство жұмысын реформалауды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі функцияларды күшейтуді тапсырды. Ол бұл туралы Қазақстан халқына жолдауында айтты деп хабарлайды Zakon.kz.
Экономикадағы бәсекелестікті дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар үшін тарифтерді қалпына келтіру жөнінде шешуші шаралар қабылдау қажет. Коммуналдық қызметтер саласында әлі де шикіліктер көп. Мәселен, тарифтердің бағасы, тұтынушылардан жиналған қаражат қайда және қалай жұмсалып жатыр, оны ешкім қадағалап, тексеріп отырған жоқ. Халық әрине алаңдайды. Ал баға күн сайын көтеріліп отыр. Неге? Нақты ешқандай себеп жоқ, - деді Елбасы.
Бұл мемлекет тарапынан бақылау жүргізілмейтіндігін көрсетеді. Дегенмен, әрдайым ашықтық пен айқындылық туралы айтылып та, жазылып та отырады.
Бәрі ашық болуы шарт. Яғни, қанша қаржы жиналды, артынша қайда және қандай мақсатта сол ақша жұмсалды. Нәтиже қандай. Бұл әкімдер мен барлық деңгейдегі жергілікті органдардың бақылауында болуы тиіс. Қажетті мониторинг жоқ, монополистердің инвестициялық міндеттемелерін бақылау шарт. Егер сен монополист болсан, инвестиция жасауын керек. Біз нақтылап айттық қой, әйтпесе монополист болмайсын. Мұнда да бәсекелестікті арттыру қажет, - деді Президент.
Назарбаев укіметке бұл мәселені Жаңа Жылға дейін шешуді тапсырды. Яғни монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалау, бәсекелестікті қорғау функцияларын күшейту және қабылданған шаралар туралы халыққа хабарлау.
ТКШ-да ешқандай заңбұзушылық болмауы керек. Бұл өте маңызды жұмыс, себебі бизнес шығындарының өсуіне алып келеді. Яғни, адамдарды табысынан айырады, - деп ойын қорытындылады Елбасы.