Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуді ұсынды

inform.kz 
Президент ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовты кәсіби полицей ретінде сыйлайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуді ұсынды. Осы орайда Президент ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың аталған міндетті орындай алатынына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері күнде қылмыспен күресіп отырады. Ал кей кезде халықты қорғаймын деп, өз өмірлерін де қауіпке тігеді. Тәуелсіздік жылдары осы жолда 770 полицей қаза тапты. Біз болсақ, қит етсе, оларды жамандаймыз. Ал қауіпті жағдайда полицияға жүгіреміз. Дегенмен, халық құқық қорғау органдарының түбегейлі өзгеруін күтіп отыр. Полиция жазалау таяқшасы емес, адамның көмекшісі болуы шарт», - деді Н. Назарбаев Жолдауды жариялау барысында.

Осы орайда Президент ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовты кәсіби полицей ретінде сыйлайтынын жеткізді.

«Мен генерал Қасымовты ең кәсіби полицей, адал әрі тәуір адам деп санаймын. Сондықтан полицияны қалай өзгертетінімізді өзі ұсына алады. Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша арнайы Жол картасын қабылдау керек. Оны келесі жылы бастауымыз қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін