Түркістан облысының тұрғыны үш жасар қызын зорлап өлтірді деген күдікке ілінді

inform.kz 
8 қазан күні күдікті екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Түркістан облысында әкесі үш жасар қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда. Ордабасы аудандық соты 40 жастағы тұрғынды уақытша тергеу абақтысына қамауға алу туралы санкция берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ордабасы аудандық сотының судьясы Алтай Қалықұлдың айтуынша, 8 қазан күні күдікті екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды.

«Бөржар ауылының тұрғыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-ші бөлігінің 3,5,14 тармақтарымен («Адам өлтiру») және 120-бабы 4-ші бөлігі («Жас баланы зорлау») бойынша айып тағылуда. Ол бұрын соңды сотты болмаған. Әйелі бар. Мұндай жағдай біздің ауданда бірінші рет тіркеліп отыр», - дейді Алтай Қалықұл.

Ал, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше қылмыстық істі тергеу басқармасы қызметкерлері қарап жатыр.

Айта кетейік, қайғылы жағдай қазан айының 6-сы күні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша бүлдіршін бұл отбасының жалғыз перзенті болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды