Жақында ғана өзінен 16 жас кіші қызбен шаңырақ көтерген Абай Бегейді сынағандар аз емес. Әлі күнге оның әлеуметтік желідегі парақшасына жағымсыз пікір жазатындар бар. Тіпті туған қызы да әкесіне әлі күнге өкпелі. Бұл туралы өнер иесі «Ел аузында» бағдарламасында айтты, деп жазады Sn.kz.
Абай Бегей бұрынғы қайын жұртының да өзіне ренжулі екенін айтады. Әкесіне балаларын қарсы қойып жүрген де солар екен.
«Қызыммен сөйлескен жоқпын әлі. Телефоным бұғатта тұр. Менің әйелім, Жанаттың анасы, оның туыстары, сіңлілері, оларға алғысым шексіз. Олар да кішкене ренжулі. Әрине, қызғаныш болады. Уақыт өте келе бәрі орнына келеді деп ойлаймын», - деген әнші балаларын Ақтаудан Алматыға көшіріп әкелгенін айтты.