Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Ұлттық Банкінің әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру туралы ақпаратты ұсынамыз деп хабарлайды zakon.kz.
• «7-20-25» бағдарламасы бойынша:
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 39,8 млрд. теңге сомасына 3 339 өтініш қабылданды. Оның ішінде 26,0 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 2 179 өтініш мақұлданды.
• Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:
Бағдарлама екі бөліктен тұрады.
1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 155,2 млрд теңге сомаға 25 018 қарызды мақұлдап, 132,6 млрд теңге сомаға 22 938 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 231,7 млрд теңге сомаға 31 003 өтінім қабылданды.
Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian.
2) Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.
2018 жылғы 1 қазанда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 28,4 млрд теңге сомаға 3 460 өтінімді мақұлдап, 15,9 млрд теңге сомаға 2 282 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы қарыз алу үшін 165,9 млрд теңге сомаға 4 180 өтінім қабылданды.
Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2018 жылғы 30 желтоқсанда, қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі - 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.
Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1310&switch=kazakh.
Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне мына сілтеме: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=kazakh бойынша қолжеткізуге болады.
Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде мына сілтеме: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=kazakh бойынша қолжеткізуге болады. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде мына сілтеме: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=kazakh бойынша танысуға болады.
Егер Сіздерде Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаса, Сізден:
- 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы;
- Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз;
- «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы Қазақстан Ұлттық Банкіне өтініш білдіруді сұраймыз.
Google Play Market арқылы жүктеу үшін сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details…;
AppStore арқылы жүктеу үшін сілтеме: https://itunes.apple.com/kz/app/nbk-online/id1134502211…