Алматы облысында әкімшілік құқық бұзушылардан 1 млрд теңге айыппұл өндірілді

elorda.info
Бұл сома жол қозғалысының қатысушыларына салынған барлық айыппұлдар сомасының шамамен 60 % құрады.

Алматы облысында полиция әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардан айыппұлдарды өндіру ісін жандандырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес биыл жол тәртібіне бағынбағандардан 1182343452 теңге өндірілген. Бұл сома жол қозғалысының қатысушыларына салынған барлық айыппұлдар сомасының шамамен 60 % құрады.

«Айыппұлдар Жол жүру ережесін бұзғаны үшін қарастырылатын жауапкершілікті қамтитын әкімшілік заңнама жүйесі бойынша салынған. Дегенмен, тұрғындар тарапынан айыппұлдарды міндетті түрде төлеу өз деңгейінде жүргізілмейтінін атап өткіміз келеді. Кейбір жағдайларда айыппұлдарды өндіру мәжбүрлі түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, әртүрлі әдістерді қолдану мүмкіндігін ұсынатын заманауи онлайн-қызметтердің көмегімен де айыппұлдарды өндіру іске асырылуда» - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Темір тұлпар тізгіндеген тұлғалар ең көп жол беретін құқық бұзушылық - жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, яғни, тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының талабын бұзудың 74151 дерегін тіркеген.

Сонымен қатар, полицейлер әкімшілік айыппұлдарды алғашқы 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда 50 пайыздық жеңілдік берілетіні туралы ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады