Қымбат шетелдік көлікті ұрлағандар қолға түсті

отырар.кз
Екі күдікті де екі ай мерзімге қамауға алынды.

Шымкентте су жаңа қымбат шетелдік көлікті ұрлап кетті. Ұрылар көлікті дәмханалардың бірінің алдынан айдап кеткен. Тапа — тал түсте су жаңа көлігінен айырылып қалған азамат бірден полицияға шағымданған деп жазады Отырар.кз.

Тәртіп сақшылары миллион тұрғыны бар қаладан көлікті айдап кеткен күдіктілерді бірден қолға түсірген. Анықталғанындай, қымбат көлікті иемденбек болғандар Жамбыл облысының тұрғындары болып шыққан. Екеуі де бұрын сотты болған азаматтар екен.

Тіпті, бірі Жамбыл облысында пробациялық бақылауда жүргені анықталған. Екі күдікті де екі ай мерзімге қамауға алынды.

«Екеуінің де бұрын соттылығы болғандықтан кепіл мөлшері анықталмайды. Сондықтан да екі ай мерзімге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасына санкция берілді»-дейді Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.

Жанар Есенбекова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз