Аяқ-қолдарының жансыздануына байланысты, медицина университетінің госпиталіне 47 жастағы ер адам түскен. Ер азаматтың сөзінше, ол бір ай бойы қолында зат ұстамақ түгелі алақан жұмудан қалған. Уақыт өткен сайын ауруы асқынып, тіпті жақындарының көмегімен қозғалуға тура келген деп жазады Алтайньюс.кз.
Дәрігерлер тетрапарез диагнозын қойған. Бұл дегенеміз – қол-аяқтағы қуаттың төмендеуін білдіртсе керек. Атап айтқанда, науқастың қолындағы күші -2 балды, сондай-ақ аяғында -3-3,5 балды құраған екен. МРТ-ның (магнитті-резонансты томография) нәтижесіне сәйкес, С5-С6 омыртқа аралығында диск жарығы бар екені анықталды.
-Таң қаларлығы, емделуші бір ай көлемінде ауруына шыдап медициналық көмекке жүгінбеген. Науқасты дайындап, ота жасалды. Анығын айтсақ, диск жарығы алынып тасталып, С5-С6 сегменттерінің деңгейінде бұғаттайтын кейдж орнатылды. Отадан кейінгі жағдайына тоқталсақ, түбірдегі ауыру синдромы жойылды. Қолындағы қуат мөлшері 4 балды және аяғында 4, 5 балға жетті. Ең бастысы емделуші жүргізілген ем-дом шараларына риза. Осы ретте тұрғындарға айтқымыз келеді. Мұндай жағдайларда мамандарға дер кезінде хабарласқан абзал, – деп кеңесімен бөлісті СММУ госпиталінің нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Алтай Культуманов.