Қостанай бидайы алғаш рет Африкаға экспорттала бастады

www.inform.kz
Айта кетейік, биыл Қостанай облысында 5 млн 214 мың тонна астық жиналды.

Жыл басынан бері Қостанайдан әлемнің 25 еліне 800 мың тонна бидай жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттiк астық инспекциясының облыстағы жетекшісі Серік Қабиевке сілтеме жасап.

Қазан айының басынан бері Қостанайда 73 мың тонна бидай темір жол вагондарына тиелген. Оның 54,6 мың тоннасы экспортқа шығарылды.

«2018 жылдың қаңтар айынан бастап, әлемнің 25 еліне 800 мың тонна астық экспортталды. Сыртқы нарық жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Осы жылы бірінші Сонымен қатар, Бельгия, Норвегия, Грекия, Испания, Италия, Швеция, Түркия сынды елдерден сұраныс мол. Бүгінге дейін 900 темір жол вагонына астық тиеп үлгердік», - деді Серік Қабиев.

Айта кетейік, биыл Қостанай облысында 5 млн 214 мың тонна астық жиналды.

Орташа түсім 12,8 центнерді құрады. Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлық диқандарға бидайды тиімді сату жолдарын қарастыру керектігін тапсырған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды