Шымкентте жас келіншекті азаптап өлтірген жігіт пен оның сыбайластары сотталды

www.inform.kz
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, мәйітті жерлеген екі жігіт пен тағы бір жасөспірімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Шымкентте жас келіншекті азаптап өлтірген жігіт пен оның сыбайластары сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, мәйітті жерлеген екі жігіт пен тағы бір жасөспірімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан қылмыстық оқиға ағымдағы жылдың наурыз айында Қайнарбұлақ саяжайында болған еді. Сотталушы мен оның сыбайласы таныс келіншекпен ішімдік ішкен.

Алайда араларында ұрыс шығып, екі жігіт әйелді өлтірген.

Оны алдымен қатыгездікпен ұрып соғып, бетон плитасымен бас сүйегін жарған. Үстіне бензин құйып, өртеген.

Кейіннен мәйіттен құтылмақшы болып, оқиға орнына 18-ге енді ғана толған екі танысы мен тағы бір жасөспірімді шақырған. Оларды қорқыту арқылы мәйітті жерлеуге мәжбүрлеген.

Тергеу кезінде кісі өлтірушінің бірі ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ал, оның сыбайласы әлі күнге іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды