Сенат депутаттары ант берді 

sputniknews.kz
Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды сенат депутаттары болып сайланды.

Бүгін сенат депутаты болып сайланған Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласынан Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды сенат депутаты болп сайланғанын айтты. Жаңадан сайланған депутаттар белгіленген тәртіп бойынша палата отырысында ант берді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", — деді Нұрлан Бекназаров.

Дархан Сатыбалды да дәл осылай ант берді.

"Жаңадан сайланған әріптестеріміз бүгін берген антына адал болады деп сенеміз", — деді Тоқаев.

Бекназаров Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде, ал Сатыбалды Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамында қызмет етеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды