Балаларына алимент төлемеген ақтөбелік әкелер еш кедергісіз шетелде демалып келген

aktobenews.kz
Сот орындаушылары алимент төлейтін әкелер туралы ақпаратты жұмыс орнына жібермей, олардың мүлкі туралы дерек алмаған.

Ақтөбеде 16 мыңнан астам бала әкесінен алимент ала алмай жүр. Ал баласына қарыз әкелер еш кедергісіз Түркияға демалып келген деп жазады Ақтөбеньюс.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы сот орындаушыларының жұмысын тексеріп, олардың өзі ісіне салғырт қарайтынын анықтады. Жеке және мемлекеттік сот орындаушылары 16 мыңнан астам балаға тиесілі 315 миллион теңге болатын алиментті өндіре алмады.

«Сот орындаушылары алимент төлейтін әкелер туралы ақпаратты жұмыс орнына жібермей, олардың мүлкі туралы дерек алмаған. Мәселен, Ибраевта екі көлік бар, ал оның балалары алдындағы қарызы 900 мың теңгеге жетті. Досмағанбетов баласына 800 мың теңге алимент төлеуі тиіс. Ол еш кедергісіз Түркияға барып, демалып келді. Баласына 800 мың теңге бережақ тағы бір ақтөбелік төрт рет Ресейге барды. Сот орындаушылары баласына қарыз әкелердің көлік жүргізу құқығынан да айырмады. Мәселен, Балмұханов баласына 2 миллион теңге қарыз, ал ол көлік жүргізіп жүр. Прокуратура балалардың құқығын қорғау мақсатында облыстық әділет департаментіне хат жолдады», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды