Алматыдағы қанқұйлы қылмыстың куәгерлері шетелде жасырынып жүрген

www.inform.kz
Сотта ҚР ҚК 434-бабы бойынша қылмыс жасады деген айыппен Ж.С. және Д.А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы қаласы Медеу аудандық №2 соты қылмысты өз көзімен көрсе де, оны жасырып, бөгде елге қашып кеткен алматылықтарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сотта ҚР ҚК 434-бабы бойынша қылмыс жасады деген айыппен Ж.С. және Д.А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәліметінше, 2017 жылдың 9 тамызында Горная көшесі бойында М.А. және Ж.Б. сөзге келіп қалады.

Артынан екеуінің арасында төбелес басталады. Жанжал кезінде М.А. Ж.Б-ны итеріп жібереді, анау жерге құлап, М.А-ны балағаттайды. Күтпеген жерден М.А. шалбарының белдігінде тұрған тапаншаны шығарып, Ж.Б-ға сегіз рет оқ атады. Атылған оқ жарақатынан Ж.Б. сол жерде көз жұмады. Ал Ж.С. және Д.А. және басқалар оқиға орнынан қашып кетеді. М.А. және Ж.Б. аса ауыр қылмыстың жасалғанын көре тұра, қасақана құқық қорғау органдарына хабарламайды.

Сөйтіп сотқа дейінгі тергеу органдарынан жасырыну үшін қасындағылармен бірге Қырғызстан аумағына кетіп қалады. Сот мәжілісі барысында М.А. және Ж.Б. өз кінәларын толық мойындап, жасаған істері үшін өкінді.

Сот үкімімен М.А. және Ж.Б. ҚК 434-бабында көзделген қылмыс бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 62-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, Ж.С. - 2 жыл 7 ай 4 күн, Д.А. - 2 жыл 8 ай 17 күн бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды