Алматы облысының тұрғыны битті кетіремін деп баласын өлтіріп алды

www.inform.kz
Белгілі болғандай, анасы 2013 және 2016 жылғы қыздарының шаштарындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған.

Алматы облысында әйел адам 2 жастағы қызының шашындағы битті кетіремін деп баласынан айырылып қалды. Жантүршігерлік жағдай Талғар ауданындағы Туғанбай ауылында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, анасы 2013 және 2016 жылғы қыздарының шаштарындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған. Аталған дәріні суға ерітіп, қыздарының шаштарына жаққан.

Көп ұзамай дәрі балаларға әсер берген. Құсып, әлсіреп, ауыздарынан көбік аққан қыздарын анасы ауылдық амбулаторияға жеткізген.

Аталған мәліметті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Анасы екі қызын алып, ауылдық амбулаторияға барған. Бірақ 2016 жылғы баласы амбулаторияға өлі күйінде жеткізілді. Ал 2013 жылғы баланың жағдайы жақсарып келеді. Бастапқыда ол жансақтау бөлімінде болған. Қазір жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір қыз бала Іле ауданындағы Алматы аймақтық балалар аурухасында ем қабылдауда», - деді аталған ведомстваның өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Жалпы, ғаламтордағы мәлімет бойынша, «Неоцидол» малдағы кене, биттерді өлтіруге арналғаны жазылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты