БҚО-да 3 жасар баланы құтқарған оқушы арнайы марапатқа ие болды

inform.kz
Жас батыр Нұрдәулет Асқарұлы «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды.

Қазталов ауданы Ғ.Бегалиев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов Оралда өткен «Жомарт жүрек - 2018» атты меценаттарды марапаттау форумында арнайы дипломға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас батыр Нұрдәулет Асқарұлы «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды. Қошанкөл ауылында тұратын Нұрдәулет биылғы 5 мамырда тоғанға батып бара жатқан үш жасар баланы аман алып қалған еді.

«Өңірдегі таңдаулы меценаттармен бірге баламның марапатталуы, әрине, біздің отбасы үшін үлкен қуаныш. Ауылда елмен бірге қарапайым тұрмыс кешудеміз. Жолдасым Асқар Аткешев - «Нұрдәулет» атты шағын қожалықтың жетекшісі, екеуміз үш ұл тәрбиелеп, өсіріп отырмыз. Нұрдәулет - кенжеміз. Үлкендері Данияр мен Бақтияр үйленген, Айдана, Лунара есімді келіндеріміз, төрт немереміз бар. Өзім мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісімін. Осындай ұлдарымыз ел үмітін ақтай берсін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың алдағы уақытта да гүлденіп, дами беруіне тілекшіміз», - деді Нұрдәулеттің анасы Гүлжан Сисенова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрдәулеттің үш жасар баланы құтқарып қалғанын және Құтқарушы күніне орай «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталғанын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады