Кореялық компания 10 қазақстандық үшін қауіпсіздік ережесін қазақ тілінде жазды

stan.kz
Өз кезегінде желі қолданушылары кореялық компанияның қазақ тіліне деген құрметіне тәнті болып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Желіде Оңтүстік Кореядағы компаниялардың бірінде түсірілген видео тарады. Онда компанияда жұмыс істеп жүрген 10 қазақстандық үшін қауіпсіздік ережелері қазақ тілінде жазылғаны байқалады, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеода кореялық компанияның ішінде жазылып тұрған қауіпсіздік ережелері көрсетіледі. Байқалғандай, ол қазақ тілінде жазылған.

Автордың сөзінше, аталған компанияда 1500 жұмысшы жұмыс істейді. Олардың тек 10-ы Қазақстан азаматы екен.

1500 жұмысшысы бар кореялық компания 10 қазақстандық үшін қауіпсіздік ережесін қазақ тілінде жазып қойған

«Оңтүстік Корея мемлекеті. 2018 жыл, қазанның 31-жұлдызы. Қазақ елінде комсомолдың 100 жылдығын тойлап жатқанда, Кореяда қазақ тілін құрметтеп, 1500 жұмысшысы бар компания 10 қазақ үшін қауіпсіздік ережесін қазақ тілінде жазып қойған. Өздері аударған екен. Түсінгенінше жазған», – дейді видео авторы.

Өз кезегінде желі қолданушылары кореялық компанияның қазақ тіліне деген құрметіне тәнті болып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді