Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мен "Әуежай Астана" кедендік бекетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Саттарова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, "Әуежай Астана" кеден бекетінің басшысы және осы бекеттің бас маманын ұстады", — деді Жанна Саттарова брифинг барысында.
Олар контрабандалық жолмен тасымалданатын зергерлік бұйымдарды кеденнен өткізіп жіберу үшін жеке тұлғалардан пара алды деген күдікке ілінді.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.