Ағымдағы жылғы қазанда жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жыл сайынғы дүниежүзілік есебіне сәйкес Қазақстан 140 елінің арасында 59 орында орналасып, рейтингте өзінің ұстанымын сақтап қалды. Бұл туралы zakon.kz, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл рейтинг жалпы әлемдік экономикалық қауымдастық немесе сол өзге мемлекет қарым-қатынасына әсер етеді. Экономика жағдайын көрсетеді және осы елдерде инвестиция салу мен бизнесті дамытудың мақсаттылығы болжайды.
Ішкі істер министрлігі 3 индикатор бойынша нәтижелер негізгі орындаушы болып табылады, олар бойынша жақсарғандығын атап кету керек:
1) «Ұйымдасқан қылмыстан бизнес шығындары» 4-ұстанымға (62-ден 58 орынға);
2) «Полиция қызметінің сенімділігі» 2-ұстанымға (86-дан 84 орынға);
3) «Кісі өлімінің сандары» ұстанымы 2017 жылғы деңгейде қалды (87 орын).
Жалпы айтқанда, ішкі істер органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жұмысы бойынша басқа шаралармен қатар Қазақстанның елдер рейтингісінде ұстанымын жақсартуға да әсер етеді.
«Ұйымдасқан қылмыстан бизнес шығындары» индикаторы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жандандыру, ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған жалыпқылмыстық қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді шаралар іске асырылған.
Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылда қорқытып алумен байланысты қылмыстық қол сұғушылықты ашу көрсеткіштері жақсаруда (2013 жылы 77,3%-дан 2017 жылы 97,3%). Тиісінше бизнес-қауымдастықтың және халықтың қорғалу деңгейі артып, сондай-ақ жазалаудың бұлтартпастығы қағидаты іске асырылуда.
Соңғы жылдары қылмыстық топты құрғаны және қатысқаны үшін жауапкершілік заңнамалық қатайтылған. Қылмыстық кодекске 9 жаңа сараланған қылмыс құрамы енгізілген. Оларды жасағаны үшін 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп Кәсіпкерлерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі арнайы жоспар іске асырылуда.
Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық кеңеюде. БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО шеңберінде құқық қорғау органдарының диалог алаңдары тиімді пайдаланылуда.
Полицияның ұсыныстары бойынша бизнес-құрылымдардың көпшілігінде «дабыл нүктесі», бейнебақылау камералары, инженерлік қорғаудың техникалық құралдары және тағы басқалар орнатылуда.
Құқықтық тәртіпті қорғау саласына жаңа технологиялық құралдар – бейнебақылау жүйелері, жол құқық бұзушылықтарын фото-бейнетіркеу, бенйтіркегіштер және басқа да инновациялық технологиялар енгізілуде.
Әр өңірде бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен оқыту тренингтері, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілуде.
«Полиция қызметінің сенімділігі» индикаторы бойынша қылмысқа қарсы күресті күшейтуге және елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Барлық жерде дерлік қылмысты жасырудың теріс практикасы жойылды, қазіргі таңда бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.
2015 жылдан бастап азаматтардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы хабарламасын тіркеуге шара қолданбағаны үшін полицейлердің қылмыстық жауапкершілігі (ҚК 433-бабы) енгізілді.
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу жүйесі енгізілді, олардың шешілу барысын «Сall-орталықтар» және SMS-сервистер арқылы қарап отыруға болады.
Жеке және заңды тұлғалардың сигналдарына қатысты қабылданып жатқан шаралардың заңдылығы мен негізділігін, сондай-ақ қылмыстық істердің тез әрі толық тергелуін немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдардың шешілуін ведомстволық бақылау күшейді.
«Бірыңғай сенім телефоны» (1402), ІІМ сайты және Министрдің блогы, Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес және аумақтық Полиция департаменттерінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар жұмыс жасайды.
Ішкі істер министрінің, аумақтық ІІО басшылығы мен учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу заңнамалық бекітілген.
«Қылмыстардың саны» индикаторы бойынша Қасақана адам өлтірудің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Осы шаралардың барлығын іске асыру ІІМ-ге жүктелген индикаторлардың жақсаруына және жалпы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауына ықпал етті.