Семейде менингит жұқтырған екі сәби ауруханаға түсті

www.inform.kz
Қазір ата-аналар балабақшаны карантинге жабуды талап етуде.

Семейде серозды менингит жұқтырған екі балабақша тәрбиеленушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде серозды менингит диагнозымен инфекциялық ауруханаға 4 жастағы екі бүлдіршін түсті.

Олар қаладағы «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасының тәрбиленушілері. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың сырқаттары қауіпті емес. Қазір біреуі стационарлық ем қабылдап жатса, емделушінің екіншісі үйіне шығарылған.

«Балалар инфекциялық ауруханасына менингит диагнозымен 25 қазаннан бері аталған балалабақшаның үш баласы түсті. Олардың екеуінен дәрігерлер қойған диагноз нақтыланды. Ал үшінші бала респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Балаларға қажетті ем көрсетілуде. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ»,-деді қаланың бас санитарлық дәрігері Эльвира Исабаева.

Қазір ата-аналар балабақшаны карантинге жабуды талап етуде.

Алайда балабақша басшылығы карантинге Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының рұқсатынсыз жеке шешім қабылдай алмайтынын айтты.

Қазір мектепке дейінгі мекемеге толық дизенфекция жұмыстары жүргізілген. Дәрігерлер ата-аналарға алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Жалпы Семейде жыл басынан бері серозды менингиттің 51 оқиғасы тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды