Маңғыстау – Астана бағытындағы пойыздың ішінде төтенше жағдай болды 

sputniknews.kz
"Жолаушылар тасымалы" АҚ оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Астана бағытындағы пойыздың купесінде екі баланың үстіне полка құлады деп хабарлайды sputniknews.kz.

Төтенше жағдай 2 қараша күні болған. Пойыз жүріп бара жатқан кезде купе вагонының жоғарғы полкасы кішкентай балалардың үстіне құлап кеткен, деп хабарлайды ИнАқтау порталы.
Зардап шеккен балалардың анасының айтуынша, полканың ауыр болғаны сондай, ол оны өзі көтеріп, балаларын астынан шығарып ала алмаған. Көмекке үш ер адам келген.

"Балаларымның маңдайы жарылды, бас жарақатын, гематома алды. Екеуінің де миы шайқалған", — дейді әйел.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше жағдайдан кейін пойыз бригадасы бірден балаларға алғашқы көмек көрсеткенін хабарлады. Ал жақын маңдағы стансаға жедел жәрдем бригадасы шақыртылған.

Дене жарақатымен қоса психологиялық соққы алған балалар қазір емделіп жатыр. Олардың еміне қажетті ақшаны "Жолаушылар тасымалы" АҚ келісімшарт бекіткен сақтандыру компаниясы төлейді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше жағдай үшін кешірім сұрайды және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді", — дейді компаниянның ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Сондай-ақ ол таяу арада ТЖ болған құрамның барлық вагоны тексерілетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін