Беларусь пен Қазақстан бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырады

inform.kz
Өз кезегінде Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин де Беларусьпен өндірістік кооперацияны кеңейтуді қолдайтынын білдірді.

Беларусь пен Қазақстан бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығарады. Бұл туралы Беларусь премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Таяу уақытта Қазақстанда беларусьтік ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыратынымыз күтіледі. IT-саладағы өзара ынтымақтастықтың қарқыны артып, осы салада бірлескен бастамалар саны артатынына үміттенеміз", - деп атап өтті Александр Турчин.

"Өнеркәсіптік кооперацияға, ауыл шаруашылығы мен көлік салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, IT, ғарыш және жоғары технологиялар салаларындағы инвестициялық ынтымақтастыққа серпін беру қажет деп есептейміз", - деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Беларусь тарабы инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік бірлескен жобаларға белсенді қатысуға дайын.

"Жібек жолы экономикалық белдеуінің дербес бағыты немесе бастаманың бір бөлігі ретінде Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас-Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағы мен "Ұлы тас" Қытай-Беларусь индустриялық паркінің әлеуетін бірлесіп пайдалану керек", - деп есептейді Александр Турчин.

Өз кезегінде Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин де Беларусьпен өндірістік кооперацияны кеңейтуді қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, проблемалық жағдайлар талқыланған, енді келісімді тәжірибеде жүзеге асыру керек. Қазақстан Беларусьпен Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлік тасымалдау көлемін арттыруға мүдделі. Беларусь пен Қазақстан үкімет отырысында 2019-2020 жылдарға ынтымақтастықты дамытудың жол картасына қол қояды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты