Президент Парламент Мәжілісінің қарауына бірқатар заң жобасын енгізді

Kazday
Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Мәжілісінің қарауына бірқатар заң жобасын енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді.

Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары Сот Кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін