Өскеменде әйел зорлаған күдіктіні ит қосып қуды

sputniknews.kz
Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде.

Өскемен тұрғыны өзін белгісіз еркек пәтерге алдап апарып ұрып-соққанын, зорлық қылғанын айтып патрульдік топтың жетекшісі Дулат Трумовқа шағымданған. Оқиға Космическая көшесіндегі үйлердің бірінде болыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Топ жетекшісі оқиға туралы дереу орталық бөлімшеге хабар беріп, күдіктіні іздеуге кіріседі.

– Космическая көшесіндегі бір үйдің ауласында шағымданушының сипаттамасына келетін 50 жастағы еркек тоқтатылды. Тексеру барысында,ол 5518 әскери бөлімінің патрульдік тоьына бағынбай қарсылық көрсеткен. Оқиғаны тәптіштеп айтып беруін өтінгенде аулалармен жалтара қашыпты. Сол сәтте күдіктіні кинолог Мәди Таиевтің қарамағындағы ит ұзатпай ұстап алған, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.

Шағымданушы күдіктіні бірден таныды.

Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі