Алматылық студенттер арасында спартакиада өтті

www.zakon.kz
Спорттың волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және эстафета секілді 5 түрінен өткен сайысқа 6 команда қатысты.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Сәлем саған, универ» атты студенттер арасындағы денсаулық спартакиадасы мәреге жетті. Бұл туралы университеттің Баспасөз орталығы хабарлайды.

Оқу орнының «Спорт» клубы мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі спорт жарысының мақсаты – университет студенттерінің денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Биылғы іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мен Қыздар университетінің 75 жылдығына арналды.

Спорттың волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және эстафета секілді 5 түрінен өткен сайысқа 6 команда қатысты. Атап айтқанда, сайыс кезеңдерінде Әлеуметтік-гуманитарлық, Қазақ филологиясы және әлем тілдері, Өнер және мәдениет, Педагогика және психология, Жаратылыстану, Физика-математика факультеттерінің 1-курс студенттерінен құралған командалар бақтары мен баптарын сынады.

– Университет студенттерін салауатты өмір салтын ұстауға үндеу – ұжым алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде бұл бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Өскелең ұрпақтың білімді де білікті, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына тікелей байланысты, – деп атап өтті спартакиада ұйымдастырушылары.

Университет басшылығы тартысты өткен спорт жарысында «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін