Жүргізушілер бесінші қабаттан құлап кеткен қызды қағып алды 

sputniknews.kz
Бірнеше минутқа үйде жалғыз қалған бес жасар қыз терезеден құлап, өле жаздады. Абырой болғанда, куәгерлер абдырап қалмай, дер кезінде көмекке келді

Махачкалада бесінші қабаттан құлап кеткен қыз құтқарылды. Соңы сәтті аяқталған оқиғаның видеосы желіде жарияланды деп жазады sputniknews.kz.

Бес жасар Айшат әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге шығып кеткен кезде үйде жалғыз қалады. Қыз терезеге шығып қарап тұрғанда, аяғы тайып кетіп, тақтайдан ұстап қалған.

Баланың өте қауіпті жағдайда қалғанын соңғы аялдамада тұрған бағдардағы автобустың жүргізушісі Тагир Магомедов байқап қалған.

Қызды көріп, ол жақын жерде орналасқан дәмханада отырған басқа жүргізушілерді айқайлап шақырады. Көмекке диспетчер Айдемир жүгіріп келген. Олар брезент тартуға үлгермей, құлаған кездегі салмақты барынша жеңілдетуге тырысады.

Қыздың жіліншігі шығып, терісі сыдырылып, көгеріп қалған. Құтқарушылардың бірі Айдемир қолының сіңірін жарақаттап алыпты.

Бір минуттан кейін келген қыздың анасы баласының терезеден құлап кеткенін көріп, есеңгіреп қалды.

Дағыстан полициясы қыздың ата-анасы жазаланбайтынын, ал жүргізушілер марапатталатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы