Ішімдік ішкен елордалық жеті көліктің дөңгелегіне зақым келтірді

elorda.info
​Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері үй ауласындағы автокөліктердің дөңгелектерін тескен 22 жастағы жігітті ұстады.

Астаналық полиция қызметкерлері үйдің ауласында тұрған автокөліктердің дөңгелектеріне зақым келтірді деген 22 жастағы жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері үй ауласындағы автокөліктердің дөңгелектерін тескен 22 жастағы жігітті ұстады.

Алматы ауданының полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің белгілері мен оның қай бағытқа бет алғанын анықтады.

«Ұсталған азамат өзінің танысымен ішімдік ішкеннен кейін тұрғын үйдің ауласындағы, көлік тұрағы мен жол бойында тұрған автокөліктердің дөңгелектерін пышақпен тесіп кете берген. Ол жалпы саны 7 автокөліктің шинасына зақым келтірген», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың осындай басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады