Латын қаріпімен белгіленген жаңа пернетақта үлгілері ұсынылды

altaynews.kz
Латын нұсқада қажет емес 6 орыс әріпінің орнына қазақ пернелері пайда болды. Ал екінші пернетақта мүлдем жаңа.

Мамандар латын қаріпімен белгіленген қазақ әліпбиі бар жаңа пернетақта үлгілерін ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Олардың айтуынша, түймелердің орналасулары мәтіннің терілуін тездетеді және жеңілдетеді. Ғалымдар қазақстандықтардың сөздерінде қай әріптердің жиі кездесетін білу үшін миллиондаған сөз бен сөз тіркестерін жинақтап, зерттеген көрінеді. 42 әріптің тек 19-ы ғана сөздік лексиконның 80% құрайды екен.

– Біз қарастырған мәтіннің көлемі – 6-7 миллион сөзді құрайды. Қазақ тілінің 5 стилін қамтыдық. Сондай-ақ тіл бірліктерінің грамматикалық жақтарын білдіретін кейбір мета-белгілер мәтінге енгізілді, – деп мәлімдеді А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Жұбанов.

Пернетақтаның екі нұсқасы ұсынылып отыр. Біріншісінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Латын нұсқада қажет емес 6 орыс әріпінің орнына қазақ пернелері пайда болды. Ал екінші пернетақта мүлдем жаңа.

– Бірінші нұсқада біз барлық түймелерді толығымен өзгерттік. Сөйлеуде жиі кездесетін әріптердің тіркесіп келіуіне баса назар аудардық. Араларын жақындаттық. Ағылшын әріптерімен аяқталатын екінші нұсқада пернелер тек оң жақта орналасқан. Тиісінше, мұнда мәтінді оң қолмен теруге тура келеді, – деп атап өтті бағдарламашы Дархан Тоқмырзаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі