Қазақстандық шекарашылар Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

caravan.kz
Ер адам есірткі алып бара жатқан серігімен бірге көрші елге өтпек болған.

Ресейде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы мен оның серігі "Шарбақты-авто" өткізу бөлімшесінде ұсталдыдеп жазады sputniknews.kz.

Өткен түнде "Павлодар – Барнаул" бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара жасағы екі қазақстандықты ұстады. Оларды ұстауға 48 жастағы әйелдің косметикалық сөмкесінен қоңырқай сұйықтық (апиын ерітіндісі болуы мүмкін) толтырылған 10 мг медициналық шприцтің табылуы себеп болған. Айта кету керек, бұл шприцті шекарашыларға есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит тауып берген, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ұсталған әйел мен оның жанындағы 37 жастағы серігін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексерген кезде, ер адамды Ресей құқық қорғау органдары қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеп жатқаны анықталды.

Ұсталғандар Шарбақты аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі