Елбасы алдағы 3-4 жылда білім саласына ЖІӨ-нің 5% жұмсалатынын мәлімдеді

Sputnik Казахстан
Мемлекет басшысы медицина саласы да ЖІӨ-нің 10% процентін қамтуы тиіс екенін айтып өтті.

Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде келесі жылы қабылданады деп жоспарланып отырған "Педагогтардың мәртебесі" заңына қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсаттарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұстаздар жаңа дағдыларды игеретін болса, жалақысы 30-35% өседі. Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін ол білімді азамат болуы тиіс. Әлемде білім ЖІӨ-нің 5%-ін құрайды. Ал біз бұған әлі жетпедік. Бұл мақсатқа алдағы 3-4 жылда жетеміз деп жоспарлап отырмын. Білімге кететін қаражатты көбейтуіміз қажет", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы медицина саласы да ЖІӨ-нің 10% процентін қамтуы тиіс екенін айтып өтті. Бұдан өзге соңғы жылдары халықтың денсаулық жағдайы жақсарып, орташа өмір сүру жасы 73-ке дейін ұзарғанына тоқталды. Сондай-ақ, Американың оқу орындарында білімінің деңгейі жоғары екеніне назар аударды.

"Әлемде барлығы жақсы, керемет деп айта алмаймын. Бірақ қашан да жақсы тәжірибе жинауға тырысуымыз қажет. Финляндия бізге жақсы тәжірибе береді. Бір шетінен ол елде оқушылар барынша еркін болуы керек дейді. Сыныпта отырған 20 оқушының қалағанынша кіріп-шығып жүргенін қабылдай алмаймын. Ұстазбен де жанжалдасып, ауызына келгенін айтып жатады. Бұл нәрсеге бойым үйренбеді. Бірақ Америка оқушылары Ирактың қайда екенін білмесе де, жоғарғы оқу орнында білім сапасы күшті екені сөзсіз", — деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, Американың жоғары оқу орындарына әлемнің ең мықтылары ғана шақырту алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді