Қызылордада кісі қағып кеткен баланың ата-анасы қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

stan.kz
Заңға сай 16 жастан асқандар ғана жол көлік оқиғаларына қатысты қылмыстарда жауапкершілікке тартылады.

Қызылордада 22 жастағы бойжеткенді көлікпен қағып кеткен 14 жасар бозбала қылмыстық жауапқа тартылмауы мүмкін. «Астана» арнасына сұқбат берген адвокат Светлана Бржанова осылай деді. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өйткені, заңға сай 16 жастан асқандар ғана жол көлік оқиғаларына қатысты қылмыстарда жауапкершілікке тартылады.

Светлана БРЖАНОВА, СҚО АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көлік тізгіндеген бала кәмелетке толмағандықтан, ол Заңға сай мүлде жауапқа тартылмайды. Сот көліктің иесін анықтауы тиіс. Егер темір тұлпар баланың ата- анасына тиесілі болмаса және бала оны өзі айдап әкеткені дәлелденсе, көлік иесі әкімшілік жазаға тартылады. Егер, кісі қағып кеткен көлік баланың әке-шешесінікі болса, онда олардың бірі үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ал, оның көлігінің астында қалған қыз алған жарақаттарынан 4 күн ауруханада ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Сақшылар екі бірдей бап бойынша сот алды тергеу жүргізуді бастаған. Марқұмның туыстары әділ тергеуді талап етіп отыр.

Сәния АБДУЛЛАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Оқиға орнында оның анасы көліктің тізгінін ұлына өзі бергенін айтты. Тәртіп сақшылары дәл сол маңдағы бақылау камералары басқа жаққа қарап тұр деді. Шындықты іздеп шырылдап жүрміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды