Қазақстанның халықаралық қоры 88,6 млрд долларға дейін өсті

www.inform.kz
ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,16 пайызға (-1,05 пайыз) өсіп, 57,717 млрд долларды құрады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның халықаралық қорының көлемі 2018 жылдың желтоқсан айында 88,628 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш қараша айымен салыстырғанда 0,97 пайызға өсіп, ал 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,79 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкінің берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі желтоқсан айында 2,53 пайыз өсіп (өткен жылдың басынан бері 0,28 пайыз азайған), 30,909 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,56 пайызға өсіп (-0,21 пайыз), 30,42 млрд доллар болған.

ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,16 пайызға (-1,05 пайыз) өсіп, 57,717 млрд долларды құрады.

Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 16,518 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 0,45 пайызға (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 10,71 пайыз азайған) өскен.

Алтын валюталардың көлемі 6,17 пайызға (+15,15 пайыз) өсіп, 14,391 млрд долларды құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз